Қоңырау шалған адамның сөйлеу мәнерін аңғарыңыз:
Жарылғыш құрылғы болып табылуы мүмкін күдікті затты табу
Соңғы уақытта азаматтармен күдікті заттарды табу жағдайлары жиі кездеседі, олар жарылғыш құрылғы болуы мүмкін. Күдікті заттар көлікте, саты алаңдарында, пәтерлер, мекемелер мен қоғамдық орындардың есіктері алдында табылуда.
Есіңізде болсын: заттың сыртқы әлпеті оның ішкі мазмұнын жасыруы мүмкін. Жарылғыш құрылғы үшін камуфляж ретінде ең қарапайым тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, қораптар, ойыншықтар және т. б. қолданылады. Жарылғыш құрылғыны немесе жарылғыш құрылғы болып шығуы мүмкін күмәнді заттарды көрген жағдайда кеңес берілетін эвакуация белдеуі. Қауіп төнген жағдайда немесе терроризм актісі орын алған жағдайда, сондай-ақ, терроризмге қарсы операцияны жүргізген жағдайларда эвакуациялау туралы ақпараттар алу. Билік өкілдерінен немесе құқық қорғау органдарынан жедел көшіру туралы ақпарат алсаңыз барынша сабыр сақтап, берген тапсырмаларын тиянақты орындауға тырысыңыз.
Тастап кеткен ғимаратыңызға тек қана жауапты тұлғалардың, уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органдар рұқсат берген жағдайда ғана оралыңыз. Есіңізде сақтаңыз, Сіздің анық қимылдарыңыз көптеген адамдардың денсаулықтары мен өмірлерімен байланысты.
Әлеуетті қауіп немесе терроризм актісін жасау жағдайларында, сондай – ақ терроризмге қарсы шұғыл операциялар жағдайларында адамдар көп шоғырланатын объектілердегі әрекеттер
Кез келген адам бір оқиғаларға себепті тұтқынға айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда тұтқынға алушылар саяси мақсаттардың орындалуын және төлем алуды талап етулері мүмкін. Барлық жағдайларда Сіздің өміріңіз террористтер үшін сауда затына айналады. Басып алу пәтерде, көлікте немесе көшеде орын алуы мүмкін.
Даусыңызбен және әлде-бір дыбыстармен адамдардың назарын аударуға тырысыңыз. Егер Сіз терең қалдықтар астында қалсаңыз, Сізді эхопеленгатор арқылы табу үшін темір заттарды оңға-солға жылжытыңыз (жүзік, кілт т.б);
егер сіздің айналаңыз бос болса жанғыш заттарды қолданбаңыз. Ауадан сақ болыңыз;