Меню KDT

Астана қаласы әкімдігінің "№4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ

Жаңалықтар

@sport__astana
• • • • • •
Азия чемпионатында топ жарған елордалық ескек есушілер елге оралды

Спортшыларымызды кеше Астана — 1 теміржол вокзалынан туған туысқандары және спорт саласының бірқатар өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Еске алсақ, Тайланд қаласындағы Паттайя-жағажайында 29 қараша аралығымен 4 желтоқсан күндері жастар арасында ескек есуден Азия чемпионаты өткен болатын.


Оған әлемнің 19 елінен яғни Вьетнам, Қытай, Үндістан, Гонконг, Иран, Жапония, Өзбекстан, Тайпей, Индонезия, Тайланд, Ирак, Корея, Сауд Арабиясы, Филиппин, Сингапур, Шри-Ланка, Самали елдерінен жас спортшылар қатысты. Олар алты күн бойы жекелей сында және командалық топта бақтарын сынады.

Қазақстан құрамасы атынан 24 спортшы бақ сынасты. Олардың қатарында Астана қаласының спортшылары да бар. Елордалық ескек есушілер Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, алтын мен қола медальді еншіледі.

Жастар тобында сыңға түскен жерлестеріміз Фомичев Тимур мен Мельников Ярослав екі бұрылмалы айналым бойынша бірінші орын иеленді. Ал, Қазақстан экипажының құрамында брлған елордалық Медина Конурбаева төрт бұрылмалы айналым бойынша үздік үштіктердің қаларынан көрінді.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын және екі қола.

Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания

20 Шілде

КІРІСПЕ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен эко-номикалық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет-кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты-руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

(далее…)

О государственных символах Республики Казахстан

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.