Меню KDT

Астана қаласы әкімдігінің "№4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ

Мектеп туралы

Астана қаласы әкімдігінің "№4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ орналасқан мекенжайы:

010000 Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 2, "Толқын" спорт кешенінде ескек есу каналы.

тел. 8(7172) 36-93-50, 36-88-83

электрондық мекен-жайы: dussha_4@mail.ru

Мектеп 2001 жылдың көктемінен бастап су спорт түрлерін дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің шешімімен ашылды.

Сондай-ақ, "Толқын" спорт кешенінің тренажер залында барлық бөлімшелердің спортшыларының жаттығулары өтуде. Мектепте жалпы ауданы 1614,6 ш. м. әкімшілік үй-жайлары бар спорт кешені бар.

"№4 БЖМОРСМ" КММ басшысы - Нұрбол Шәмшидинұлы Жарқынбеков.

Басшының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары - Тисбаева Анар Сергеевна.

Спорт ғимаратының меңгерушісі - Ілиясов Абзал Күншығарұлы.

Сабақтарды өткізу орындары:

- "Толқын" СК (тренажер залы, спорт залы), есу каналы (академиялық есу, байдарка және каноэде есу);
- Есіл өзенінің жазғы базасы;
- "Барыс-Арена" КМС, Тұран даңғылы 57 (жүзу, суға секіру, үйлесімді жүзу).

Оқу-жаттығу сабақтары (бекітілген кесте бойынша) дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Мекеме қызметінің негізгі мәні мен міндеті: уәкілетті орган айқындайтын спорт түрлері бойынша спорт саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мекеме мыналарды жүзеге асыруға құқылы:
1) халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарта отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
2) спорт резервін даярлау;
3) спорттық жарыстарды, оның ішінде халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізу;
4) спорттық-бұқаралық және спорттық оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;
5) материалдық-техникалық базаны нығайту;
6) оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін жаттықтырушыларды тарту;
7) спортшыларды даярлау жөніндегі спорт ұйымдарының озық жұмыс тәжірибесін зерделеу және жаттықтырушылық қызметке енгізу;
8) Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелде де жаттықтырушы-оқытушылар мен судьялар құрамын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
9) спортшылар мен жаттықтырушылар үшін медициналық, психологиялық, педагогикалық, профилактикалық және басқа да қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу;
10) оқу-жаттығу процестерін, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізу кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыруды қамтамасыз ету;
11) мекеме спортшыларын медициналық-биологиялық қамтамасыз ету;
12) бұқаралық ақпарат құралдарында дене шынықтыру мен спортты насихаттау.