Меню KDT

Астана қаласы әкімдігінің "№4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ

Жаңалықтар


Құрметті Елорда тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді Астана қаласының әкімдігі Елорданың 25 жылдығына орай өтетін қалалық Толағай алыптар сайысы ашық турниріне шақырады! Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Турнирдің өтетін жері Астана қаласының әкімшілігінің орталық алаңында (Бейбітшілік көшесі 11) Шараның ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 16:00. Бүгінгі күннің жас батырларының өнерін тамашалап,ұлттық спортты ұлықтайық қадірлі спорт сүйер қауым! Қосымша ақпарат үшін және турнирге жазылу үшін: +7707 977 99 70; +7 701 255 19 65 https://www.instagram.com/p/CuQu2DIo8cd/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания

20 Шілде

КІРІСПЕ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен эко-номикалық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет-кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты-руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

(далее…)

О государственных символах Республики Казахстан

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.