Меню KDT

Астана қаласы әкімдігінің "№4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ

Жаңалықтар


Құрметті Елорда тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді Астана қаласының әкімдігі Елорданың 25 жылдығына орай өтетін қалалық Толағай алыптар сайысы ашық турниріне шақырады! Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Турнирдің өтетін жері Астана қаласының әкімшілігінің орталық алаңында (Бейбітшілік көшесі 11) Шараның ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 16:00. Бүгінгі күннің жас батырларының өнерін тамашалап,ұлттық спортты ұлықтайық қадірлі спорт сүйер қауым! Қосымша ақпарат үшін және турнирге жазылу үшін: +7707 977 99 70; +7 701 255 19 65 https://www.instagram.com/p/CuQu2DIo8cd/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==