Меню KDT

Астана қаласы әкімдігінің "№4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ

Жаңалықтар


Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында су спорты түрлерінен еліміздің намысын қорғаған Астана қаласының спортшылары Әділбек Мусин мен Арсен Қожахметовті туыстары, достары және спорт саласының мамандары сән салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ханчжоуда өтіп жатқан жарыстың төртінші күні суға жүзуден жерлесіміз Әділбек Мусин екі бірдей қола жүлде алды. Елордалық спортшы 100 метрге, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік үштіктер қатарынан көрінді. Айта кетелік, бұл Әділбектің жетік меңгерген қашықтығы саналады.

«Біз әр жарысқа үлкен еңбекпен келеміз. Алдағы уақытта алтынға күш саламын. Мені қолдаған Қазақ еліне алғысым шексіз.
Өзімнің бапкерлеріме ризашылығым шексіз. Алдағы жоспарым – біраз уақыт тынығып, ары қарай қарқынды жұмыс істеу», - дейді Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Әділбек Мусин.

Әділбек Мусин – 1999 жылы Астана қаласында туған. Суда еркін жүзу және баттерфляй әдістерімен жүзеді. Қазақстан Республикасының рекордсмені.

Жаттықтырушысы – Станислав Осинский. Ол – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Айта кетейік, жерлесіміз 2018 жылы Жакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдеге ие болған еді.
Осылайша Мусин төрт дүркін Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ел құрамасындағы тағы бір жерлесіміз Арсен Қожахметов ерлер арасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуде мәреге жетінші болып жетті.